Боа (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
бабоа, абабуа
Боа
Бүкіл халықтың саны

900 000

Ең көп таралған аймақтар

 Конго Демократиялық Республикасы

Тілдері

либаоа тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Боа (бабоа, абабуа)[1]Конго Демократиялық Республикасындағы этникалық топ.[2] Баолар Конго Демократиялық Республикасының солтүстігіндегі саванна аймағында тұрады. Олар Жбету, Занде халықтарымен тығыз байланыста. Жалпы саны 900 000 адам. (2007 ж.).

Тілі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тілі — либаоа тілі, диалектілері бар.[3]

Діні[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[4]

Кәсібі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (элевсина, құмай, күнжіт, ямс, тәтті картоп, таро, маниок, бұршақ, банан). Кейбір топтар балық аулаумен айналысады. Какао және каучук плантацияларында, шахталарда жұмыс жасайды. Негізгі қолөнерден - ағаш өңдеу, тоқу, тоқыма және музыкалық аспаптар жасау, әйелдер арасында керамика жасау дәстүрлері сақталған.[5]

Өмір салты[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тайпалық бөлінудің қалдықтары қалды. Туыстық есеп патрилинейлік, неке вирилокальды, көп әйел алушылық кездеседі. Рухтарға, ата-бабаларға табыну, сиқыршылыққа деген сенімдерін сақталған. Фольклорға бай, (оның ішінде музыка).

Елді мекендері өзендер бойында ықшам орналасқан. Тұрғын үйлері – цилиндр тәріздес, биік конустық төбесі шөп пен пальма жапырақтарынан жасалған, бір қатарда орналасқан, олардың артында қосалқы құрылыстар орналасқан.

Дәстүрлі киімдері сақталмаған, фабрика маталарынан жасалған еуропалық киімдер таралуда.

Негізгі тағамы - пальма майы мен бұрыш қосылған көкөністер. Олар пальма шараптарын пайдаланады.[5]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Иллюстрированный энциклопедический словарь БОА https://1598.slovaronline.com/1571-%D0%B1%D0%BE%D0%B0
  2. Значение слова БОА в Большом энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/bolshoy/2071945.html
  3. Большой энциклопедический словарь https://gufo.me/dict/bes/%D0%91%D0%9E%D0%90
  4. Боа https://megabook.ru/article/%D0%91%D0%BE%D0%B0%20(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)
  5. a b народы мира / Боа http://www.etnolog.ru/people.php?id=BOAC