Елнұр Нұрғалиұлы Әбдірайымов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Елнұр Нұрғалиұлы Әбдірайымов
Жалпы мағлұмат
Азаматтығы

 Өзбекстан

Туған күні

10 маусым 1994 (1994-06-10) (29 жас)

Туған жері

Ғазалкент, Бостандық ауданы, Ташкент облысы, Өзбекстан

Салмағы

Жеңіл (60 кг дейін),
1-жартылай орта (64 кг дейін),
1-жартылай жеңіл (58,97 кг дейін), Жеңіл (61,24 кг дейін)

Тұрысы

оң жақты тұрыс (солақай)

Бойы

170

Қолдың қарқыны

168

Стилі

соққыш

Рейтингтері
Әуесқой карьерасы
Айқастар саны

77

Жеңгені

55

Нокаутпен жеңгені

5

Жеңілгені

22

Кәсіпқой карьерасы
Айқастар саны

10

Жеңгені

10

Нокаутпен жеңгені

9

Қызметтік тізімі (boxrec)
Марапаттар
Men's Boxing
Әлем чемпионаттары
Қола Доһа 2015 60 кг дейін
Азия чемпионаты
Қола Бангкок 2015 60 кг дейін
Алтын Ташкент 2017 60 кг дейін
Қола Дубай 2021 64 кг дейін

Елнұр Нұрғалиұлы Әбдірайымов (10 маусым 1994, Ғазалкент, Бостандық ауданы, Ташкент облысы, Өзбекстан) — Екінші жеңіл салмақта, жеңіл салмақта және бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақ текті өзбекстандық кәсіпқой боксшы. Бокстан Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсеткен, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015), Азия чемпионы (2017), әуесқойлар арасындағы Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2015, 2021).

Өмірбаяны[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1994 жылы 10 маусымда Өзбекстан, Ташкент облысы, Бостанлық ауданы, Ғазалкент қаласында дүниеге келген. Ұлы Жүздің Дулат руынан шыққан.

Әуесқойлық мансабы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы, бокстан әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының бокстан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегері. Сондай-ақ бокстан бірқатар республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері.

Әлем чемпионатындағы қола боксшыға Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын берді[1]. Бірақ Өзбекстаннан тағы бір боксшы — APB чемпионы Хуршид Тәжібаев жалғыз Олимпиада лицензиясын алды[2]. Нәтижесінде Өзбекстан ҰОК Тәжібаевтың пайдасына шешім шығарды[3].

Қол жеткізген нәтижелері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жыл Жарыстың атауы Алған орны
2009 VII халықаралық «Г. Әлиев кубогы-2009» турниры, Әзірбайжан 3-орын
2010 ЗТРК М.Хайрутдиновты еске алуға арналған 9-халықаралық турниры, Қазақстан 1-орын
2012 ХДСШ Николай Павлюковты еске алуға арналған 5-халықаралық турниры, Ресей 3-орын
2012 Ағайынды Кличколардың «А» сыныбының жүлдесі үшін XIV халықаралық турниры, Украина 2-орын
2015 Бокстан әлем чемпионаты, Доһа 3-орын

Сілтеме[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]