Карл-Хайнц Румменигге

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Карл-Хайнц Румменигге Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Калле

Туған күні

25 қыркүйек 1955 (1955-09-25) (68 жас)

Туған жері

Липпштадт, Солт. Рейн-Вестфалия, ГФР

Азаматтығы

 Германия

Бойы

182 см

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Германия Бавария

Қызметі

басқарушысы

Жастар клубы
1963—1974 Германия Боруссия (Липпштадт)
Клуб карьерасы[* 1]
1974—1984 Германия Бавария 310 (162)
1984—1987 Италия Интернационале 64 (24)
1987—1989 Швейцария Серветт 50 (34)
1974—1989 Барлығы 424 (220)
Ұлттық құрамы[* 2]
1975 Германия ГФР В 1 (0)
1976—1986 Германия ГФР 95 (45)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Карл-Хайнц Румменигге (нем. Karl-Heinz Rummenigge; 25 қыркүйек 1955, Липпштадт, Солт. Рейн-Вестфалия) — неміс футболшысы, шабуылшы.

Карьерасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Карьерасының басым бөлігін "Баварияда" өткізді. Он маусым ойнап, екі рет Германия чемпионы, екі рет УЕФА Чемпиондар кубогын ұтып алды. 1984 жылы "Интерге" ауысып, үш жылдай ойнады. Карьерасының соңында Швейцарияның "Серветт" клубында доп тепті.

ГФР құрамасында он жылдай ойнап, 1980 жылы Еуропа чемпионы, 1982, 86 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 1986 жылы финалда Аргентинаның қақпасына гол соқты. Бірақ ГФР бұл матчта 2:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл оның құрама сапындағы соңғы голы еді. Сол жылы жарақаттың кесірінен ұлттық құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

Жетістіктері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бавария
  • Германия чемпионы: 1980, 1981
  • Германия кубогы: 1982, 1984
  • УЕФА Чемпиондар кубогы: 1975, 1976
  • Құрлықаралық кубок: 1976
ГФР құрамасы
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1982, 1986
  • Еуропа чемпионы: 1980

Жеке[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • Германия чемпионатының мергені: 1980, 1981, 1984
  • Швейцария чемпионатының мергені: 1989
  • Германияның үздік футболшысы: 1980
  • «Алтын доп» (France Football) иегері: 1980, 1981
  • «Күміс бутсы» иегері: ӘЧ-1982
  • «ФИФА 100»

Сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]