Метр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Метр (айрық) деген бетті қараңыз.

Метр (фр. metre, гр. metron – өлшем) – бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі. 1960 жылға дейін Метрдің эталоны – ұзындықтың штрихты өлшемі платина-иридий қоспасынан жасалып, Севр қаласындағы (Париж қаласының жанындағы) Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі халықаралық бюрода сақталған білеуше (брусок) болған. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі 11-Бас конференция (1960) Метрдің жаңа анықтамасын қабылдады: “Метр – Криптон-86 атомының 2р10 және 5d5 деңгейлерінің аралығындағы ауысуы сәйкес келетін сәуле шығаруының вакуумдағы 1650763,73 толқын ұзындығына тең ұзындық”. КСРО-да алғашқы эталоны ұзындық бірлігі – метрді қайта жаңғыртуға және оның өлшемін ұзындықтың басқа өлшемдеріне таратуда құрамында ұзындықты дәл өлшеуге арналған интерферометр бар аппаратуралар кешенін қолданды. Метрдің алғашқы эталоны Метрді 5*10–9 м-ден аспайтын орташа квадраттық ауытқумен қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді.[1]

Атауы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Метр сөзі фр. mètre арқылы гр. μέτρον (өлшем, өлшегіш) сөзінен.[2]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақ Энциклопедиясы