Сіріңке

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сіріңке

Сіріңке – бір жақ ұшына оңай жанатын қоспа жағылған жіңішке ағаш таяқша (шырпы). Сіріңке қорабына жағылатын қоспа құрамында қызыл фосфор, күкіртті сүрме, темір жосасы, пиролюзит, тері желімі, бор, декстрин және гуммитрагант болады.[1]

Жалын температурасы ағаштың тұтану температурасына сәйкес келеді, ал ағаштың жану температурасы шамамен 800-1000 °C. Сіріңке басының жану температурасы 1500 °C дейін жетеді.

Ертедегі ашылуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сіріңке ортағасырлық Қытайда пайда болған. Бұл майда, жіңішке таяқша таза күкіртпен байытылған. Олар үйкеу арқылы жанбаған, олар тұтанған трутпен жанасу арқылы жанған. Бұл "прото- "сіріңке" XIII—XIV ғасырлардағы қытай мәтіндерінде айтылады. - XV ғасырда бұл новинка Еуропаға дейін жетті, бірақ жаппай таратуда болмады. Мұндай күкіртті таяқшалар пайдаланылды Еуропада тек XVII—XVIII ғғ., одан кейін химия арқасында одан әрі дамыды.

Тарихи химиялық өнертабыстар мен ашылымдар, XVIII соңында — ХІХ ғасырдың басында, өнертабысқа түрлі сіріңкелердің қосылуына әкеліп соқты.

Шығу тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сіріңкені XIX ғасырдың басында ағылшын өнертапқышы Джон Уолкердің ойлап тапқандығын біреу білсе, біреу білмес.

Бір қызығы әуел басында Джон дәрігер болып жұмыс істеген. Кейіннен химия саласына қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрған. Отты алудың жолдарын табу оны көп ойландырған. Күндердің күнінде ол сульфид пен сүрменің қоспасымен тәжірибе жасауды ұйғарады. Қоспаны араластырып жатып, Джон қолындағы таяғын абайсызда қабырғаға жанып жібергенде таяқтағы қоспа қалдығы жанып кетеді. Осылайша сіріңке зертханада ойлап табылған екен.

Ол танымал ағылшын өнертапқышы Уильям Конгривтің құрметіне сіріңкеге «Конгрив» деген атау береді. Және ол аз ғана уақыт ішінде өзі жасаған сіріңкенің қорабын сатуға қол жеткізеді. Дегенмен, сіріңкені ойлап тапқан Уолкер танымал тұлға да, бай да бола алмайды. Оның есімі өзі өлгеннен кейін ғана ауызға алынып, белгілі бола бастайды.

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.