Футболдан 1986 жылғы әлем біріншілігі (финал)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Футболдан 1986 жылғы әлем біріншілігі (финал)
Турнир

Футболдан 1986 жылғы әлем біріншілігі

Дата

29 маусым 1986

Стадион

Ацтека, Мехико

1986 жылғы футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы29 маусымда Мехикодағы Ацтека стадионында өтті. Аргентина мен ГФР құрамалары кездесіп, Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетті[1].

Матч[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шолу[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Матчты бразилиялық төреші Ромуальдо Арппи Фильо басқарды. Ойынның 21-минутында оң қапталдан Хорхе Бурручаганың асырған добын қорғаушы Хосе Браун баспен ұрып торға түсірді де, Аргентина 1:0 есебімен алға шықты.

Екінші таймның оныншы минутында Аргентина есепті еселеді. Марадона бастаған шабуылды Хорхе Вальдано сәтті аяқтады — 2:0. Екінші доптан соң аргентиналықтар шамалы босаңсыды. Аздан еркінсіген немістер енді өздерінің стандартты жағдайларды өте сәтті пайдалана алатынын дәлелдей бастады. 73-минутта Бреме бұрыштан доп берді. Нәтижесінде Руммениге жақын жерден теуіп қақпаны дәл көздеді. Арада сегіз минут өткен соң тағы да Бреме бұрыштан доп берді. Бұл жолғы комбинацияны Руди Феллер сәтті аяқтады. Оның баспен ұрған добы есепті теңестірді — 2:2.

Есеп теңескен соң енді немістер аздап қарқынын тоқтатты. Мұнысы оларға пайда әкелмеді. Марадонаның алаң ортасынан шығарған пасы Бурручаганы қақпашымен жеке шығарды, Бурручага мүмкіндікті жібермеді, алыс бұрышты дәл көздеді — 3:2. Осы есеп ойын біткенше өзгермеді.


Протокол[өңдеу | қайнарын өңдеу]

29 маусым 1986
Аргентина Аргентина 3–2 Германия ГФР
Браун 23
Вальдано 56
Бурручага 84
Голдар Румменигге 74
Фөллер 81
Ацтека, Мехико
Көрермендер саны: 114,600
Төреші: Ромуалдо Арппи Фильо (Бразилия)
Team colours Team colours Team colours
Team colours
Team colours
 
Аргентина
Team colours Team colours Team colours
Team colours
Team colours
 
ГФР
GK 18 Нери Пумпидо 85 минутта ескертілді 85'
SW 5 Хосе Браун
CB 9 Хосе Луис Кусиуффо
CB 19 Оскар Руджери
RWB 14 Рикардо Хиусти
LWB 16 Хулио Олартикоэчеа 77 минутта ескертілді 77'
DM 2 Серхио Батиста
CM 7 Хорхе Бурручага Алмастырылды 90'
CM 12 Эктор Энрике 81 минутта ескертілді 81'
SS 10 Диего Марадона (к) 17 минутта ескертілді 17'
CF 11 Хорхе Вальдано
Алмасулар:
MF 21 Марсело Троббиани Алмасуға шықты 90'
Бапкер:
Карлос Билардо
GK 1 Харальд Шумахер
SW 17 Дитмар Якобс
CB 4 Карл-Хайнц Ферстер
CB 2 Ханс-Петер Бригель 62 минутта ескертілді 62'
RWB 14 Томас Бертольд
LWB 3 Андреас Бреме
CM 6 Норберт Эдер
CM 8 Лотар Маттеус 21 минутта ескертілді 21'
AM 10 Феликс Магат Алмастырылды 62'
CF 11 Карл-Хайнц Румменигге (к)
CF 19 Клаус Аллофс Алмастырылды 46'
Алмасулар:
FW 9 Руди Фёллер Алмасуға шықты 46'
FW 20 Дитер Хенесс Алмасуға шықты 62'
Бапкер:
Франц Беккенбауэр

Басқа да деректер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арада төрт жыл өткен соң келесі чемпионаттың финалында да осы екі құрама кездесті. Немістер ол жолы есе қайыра алды — 1:0.

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]