Қазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жыл айлары
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан

Қазақ тілінде жыл айларының атауларын сол айдыңкездің ауа-райына, табиғаттың құбылыстарына, ырымдарға, ұлттық мейрамдар, салт-дәстүрлерге байланысты атаған.

Қаңтар - қыстың екінші айы. Қаңтар - ескі түркі сөзі. Күннің барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай "қаңтар" деп атаған. Бұдан кейін күн ұзара бастайды. "Қаңтарда күн қарға адым ұзарады" дейді халық.

Ақпан - қыстың соңғы айы. "Ақпан" - қазақтың "ақ ықпа", яғни боран деген сөзінен шыққан. Осы айда келетін амалды "Ақпан-дақпан алты күн, аязымен жеті күн" деген. Бұл жеті күн нағыз қыс ортасына келеді. Қар жауып, жел тұрып, боран, бұрқасын болады. Аяз күшейеді. Малдың жұтқа ұшырауы осы айда басталады. Олар тауды ықтап, ағашты паналайды. Айдалада адасып, аштық пен суықтан қырылып қалады. Жұт дегеніміз - осы.

Наурыз - көктемнің алғашқы айы. Парсыша "Жаңа күн" деген мағына береді. Шындығында, наурыз айдың аты емес, жыл басы мейрамының атауы. Қазақтар наурыз мерекесін Ұлыстың ұлы күні - жыл басы ретінде тойлау дәстүрәмен ай атына айналдырып жіберген. Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі.

Сәуір - көктемнің екінші айы. Арабша "өгіз" деген мағынаны білдіреді. "Өгіз" - күн жолындағы шоқжұлдыздың аты. Қазақтар оны ай аты ретінде қолданып кеткен. Сәуірдің ертеден келе жатқан қазақша аты "көкек" болатын. "Көкек - ұшқалақ, жеңілтек құс, өз атын өзі шақырады. Сондықтан бұл сөз жағымсыз мәнде айтылады" деген оймен оны сәуірмен алмастырған.

Мамыр - көктемнің соңғы айы. Жыл құстарының мамығын төгіп, көл жағасына ұя салып мамырлайтын, семіретін кезі. Ескі түркі тілінде "мамыр" тоқшылық, семіру деген мағынаны білдіреді. Осы айда мал да оңала бастайды.

Маусым - жаздың алғашқы айы. Арабтың "мезгіл" деген сөзі. Шөп шабу, пішен дайындау маусымына байланысты ай аты осылай аталған. Үнді, Еуропа тілдерінде "маусым" сөзімен төркіндес "муссон" термині "жазда мұхиттан құрлыққа, ал қыста құрлықтан мұхитқа қарай соғатын жел" дегенді білдіреді.

Шілде - жаздың екінші айы. Парсы тілінде (шіллә) "қырық" деген мағынаны білдіреді. Жазғы қырық күн шілденің негізгі ыстық күндері осы айда өтеді. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып кеткен. Шілдеде күннің ұзақтығы қысқара бастайды.

Тамыз - жаздың соңғы айы. "Күйдіру" деген мағынаны білдіреді. Тамыздық сөзі де осы мағынадан туындаған. Тамыз айында аптап ыстықтан шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Піскен егін орылады. Осы құбылыстарға байланысты бұл айды кейде "сарша-тамыз" деп қосарлап айтады. Яғни "сарша" сөзінің арғы тегі - "сары шақ", ежелгі түркі сөзі.

Қыркүйек - күздің алғашқы айы. Осы айда қой мен ешкінің төлдеу уақытын көктем айына келтіру үшін қошқар мен текеге күйек байлайды. Бұл шаруа қырда, өріс басында өткізіледі. Сол себепті "қыр" және "күйек" сөздерін біріктіріп, айды "қыркүйек" атап кеткен.

Қазан

Қараша - күздің соңғы айы. Жердің оты кетіп, бет-бедері қоңырқай тарта бастайды. Ай атының "қараша" деп аталуы да осыны мегзейді. Қарашада қар түсе бастайды, мұны халық "қарашаның қары" деп атайды.

Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. "Жел" және "тоқсан" деген түркі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді және боранды деген ұғымды білдіреді. Бір тоқсанда үш ай болатын көпке белгілі. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Желтоқсанның 22-де күн барынша қысқарады [1].

Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. "Сен білесің бе?" энциклопедиясы 366 бет
Жыл айлары мен күндері
Қаңтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Ақпан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 (29)
Наурыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сәуір 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Мамыр 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Маусым 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Шілде 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Тамыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Қыркүйек 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Қазан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Қараша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Желтоқсан     1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31


Қазақтын ежелгі күнтізбесінің айлары
 Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан 
Бесқонақ кезеңі •