Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов
Жеке мағлұматтар
Азаматтығы

 КСРО

Мамандандыру

баскетболшы

Туған күні

2 қазан 1944 (1944-10-02)

Туған жері

Түркістан облысы, Қазақ КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

3 желтоқсан 2022 (2022-12-03) (78 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, Ресей

Бойы

207 см

Салмағы

95 кг

Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов — Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. КСРО-ның (1970–74, 1976–80 ж.), Олимпиялық ойындардың (1972, 1980), Еуропаның (1967, 1971, 1979) чемпионы болды.

Өмірбаяны[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлжан Жармұхамбедов Табақсай аулы, Бостандық ауданы (сол кездегі саясат кесірінен Қазақстанның Өзбекстанға берген ауданы) Түркістан облысында, 2- қазан 1944-жылы туған. Әкесі - Жармұхамедов Мүсірбек Байұлы тайпасының Жаппас руынан, шешесі – Прасковья Жеронкина-Жармұхамедова, әйелі – Лариса Жармұхамедова. Балалары Владислав (1969ж. туган) пен Сергей (1976ж. туган), Мәскеу қаласында тұрады.

Әлжанның ұлты туралы баспасөз беттерінде көп жазылған, біреулер өзбек деді, біреулер татар деді. Әлжанның өз аузынан айтқаны, қаны да жаны қазақ екендігі, тіпті, руы Кіші жүздегі Жаппас екендігі. Қазақ екендігі баяғы совет паспортында да жазулы екен, жұртшылық биографиясын білмегендіктен, әр саққа жүгірткен сияқты. Ол мектеп бітірген соң, екі жыл шлифовальщик болып, Шыршық қаласында жұмыс істеген, осы зауытта істеп жүргенде оң қолының екі саусағынан айрылған. Зауыттың дене тәрбиесі инструкторы ұзын бойлы жігітті көріп, (оның бойы 208см болған) баскетбол секциясына шақырған, содан ол жаттықтырушысы Роман Салетдиновтің ұйғарымымен 1963 жылы Ташкенттегі физкультура институтына түсіп, 1967 жылы физкультура оқытушысы мамандығын алып шыққан. КСРО-дың бірінші лигасындағы СКА спорт клубында және Өзбекстан құрама командасында өнер көрсетіп, тәжрибе жинақтаған. Атақты жаттықтырушы Александр Гомельский ЦСКА спорт клубына қайта-қайта шақырып, Әлжан ауысуға келсім бермегендіктен, 1968 жылы Мехико Олимпиадасына құрамаға алмай қойған. Мәскеуге барғысы келмей, 1969-жылы Алматы қаласының «Локомотив» командасына шақырту алып, жарты жылдай өнер көрсетіп, Ригада болатын кәсіподақтың Спартакиадасына Қазақстан атынан өнер көрсетуге Өзбекстан жағы рұқсат бермеген. Сол жылы 1969- жылдың 26-қарашасында КСРО қорғаныс министрі маршал Соколовскийдің қолымен хат келіп, Әлжанды еріксіз Мәскеудің, ол кезде құрама команданың базасы болған атақты ЦСКА командасына алып кеткен. Осы командада бақандай он бір жыл шабуылшы болып ойнаған. Осы команда құрамында және КСРО құрамасында тоғыз рет ел чемпионы, үш рет Еуропа чемпионы және 1972-жылы Олимпиада чемпионы атанған. Ең есте қалар сәттерінің бірі Мюнхен Олимпиадасында американдықтармен финалда ойнап жатқанда, ойын бітуге үш секунд қалғанда С.Белов есепті 51:50 жеткізіп, КСРО құрамасы Олимпиада чемпионы атанған. Сол жұлдызды команданың капитаны даңқты қазақ өз елінің тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған.

Баскетболмен айналысуды аяқтағаннан соң, Әлжан Жармұхамедов бес жыл бұрынғы ГДР елінде, совет әскерлері құрамында жаттықтырушы қызмет атқарып (әскери адам болғасын), 1987-жылы Алматы қаласындағы СКА клубына баскетболдан қызмет табылмағандықтан, мылтық атудан жаттықтырушы болып қызмет атқарған. Алматыдан мамандығы бойынша жұмыс табылмай, бірінші Ташкентке, содан Мәскеуге қайта оралып, С.Белов екеуі Ресей құрама командасын жаттықтырып, 1994-жылы Канадада әлем біріншілігінде күміс медалға, 1997-жылы Еуропа біріншілігінде қола медаль алуға қол жеткізген. Әлжанның ұлы Владислав Саратовтың СКА клубында өнер көрсетіп, әке жолын қуып жүр екен. Қазір, Әлжан Жармұхамедов зейнет демалысында, Мәскеу қаласында тұрады. Баскетбол ойынынан қол үзбеген, Ресей ардагерлер командасының белді мүшесі.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2