Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 239 619 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс – 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар

- 22 маусым — Израиль мен Иран арасындағы соғысқа (суретте) Америка Құрама Штаттары қосылды.
- 12 маусым — «Хабар» агенттігі 2025 жылғы Junior Eurovision ән байқауына қатыспайтынын мәлімдеді, Қазақстан байқауға соңғы рет 2022 жылы қатысты.
- 12 маусым — Үндістанның Ахмадабад қаласындағы Boeing 787 апатынан 260-тан аса адам қаза тапты.
- 10 маусым — Аустрияның Грац қаласындағы орта мектептегі атыстан он бір адам қаза тапты.
- 3 маусым — Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау нәтижесінде Ли Чжэ Мён жаңа Корея Республикасының президенті болып сайланды.
- 1 маусым — «Өрмек» операциясы нәтижесінде FPV-дрондарымен Ресейдің бірқатар әскери ұшақтары жойылды.
Білгенге маржан
- Балаға ата-анасының гені 50/50% бірдей бөлініп беріледі. Бұл еркектер әйелдерден артық, еркектер әйелдерден бір саты жоғары тұру керек деген аңызды (миф) толықтай жоққа шығаруға жеткілікті. Бұл еркек пен әйелдің теңдігінің бір дәлелі.
- Адамда ДНҚ спиралдарынан тұратын барлығы 46 хромосома бар оның тең жартысы жыныстық мүшелерде сақталады.
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
1 шілде

Мейрамдар
Бурунди,
Руанда,
Сомали — Тәуелсiздiк күнi
Оқиғалар
- 1823 — Орталық Американың бiрлескен провинциялары федерациясы құрылды (Гватемала, Гондурас, Сальвадор, Коста-Рика, Никарагуа)
- 1867 — Канада Ұлыбритания құрамындағы өзін-өзі басқаратын доминионына айналды
- 1875 — Дүниежүзілік пошта одағы қызмет атқаруды бастады
- 1877 — Бірінші Уимблдон теннис жарысы басталды
- 1890 — Ұлыбритания мен Германия Африкадағы ықпал жасайтын аймақтарды бөлдi
- 1946 — Атом бомбасының соғыстан кейiнгі бiрiншi сынағы
- 1997 — Гонконг Қытай Халық Республикасының құрамына енді.
- 1999 — Шотландияда 300 жылда тұңғыш рет Парламент мәжiлiсi ашылды
Дүниеге келгендер
- 1646 — Готфрид Вильгельм Лейбниц, немiс философ-идеалист, математик, физик және ойлап тапқыш, заңгер, тарихшы, тiл маманы
- 1961 — Диана ханшайым, Уэльс ханшайымы, III Чарльздің бірінші әйелі.
Қайтыс болғандар
- 1242 — Шағатай хан, моңғол ханы, Шыңғыс хан мен Бөртенің екінші ұлы
- 1277 — Сұлтан Бейбарыс, Мысыр пен Сирияның мәмлүк сұлтаны (1260-1277)
Шілде айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!